Бүгінгі күнде, қазақстандықтар үшін білім алатын ең танымал мемлекет болып Қытай саналады. Қытай бұл бәйгеде тек АҚШ пен Англияға ғана орын беріп тұр, себебі қытайлықтардың өздері бұл елдерде оқу үшін сапар шегеді. Қытайдағы білім беру тез қарқынмен дамып, жастар арасында үлкен сұранысқа ие болуда. Егер сізді Қытайда тегін оқу қызықтырса, біздің кеңесшілерімізден көмек сұрасаңыз болады.
Қытайдағы білім беру жүйесі
Қытайдың білім беру жүйесі бірнеше сатыдан тұрады;
- Мектеп. Көбінесе 9 немесе 11 сынып бітірген қазақстандық оқушылар түседі.
- Бакалавриат қытай тілінде немесе ағылшын тіліінде. Түсу үшін орта білім бітірген жайында диплом қажет, жасы 25тен аспауы керек. Оқу уақыты 4-5 жыл.
- Магистратура қытай немесе ағылшын тілінде. Келесі құжаттар талап етіледі: бакалавр деңгейін растайтын диплом. Жасы 35тен аспауы керек. Оқу уақыты 2-3 жыл.
- Докторантура. Екі тілді меңгеру мүмкіндігі-қытай және ағылшын тілі. Түсу үшін магистр дипломы мен қытай тілін 4 деңгейде меңгергендігі жайлы растайтын құжат керек. Жасы 40тан аспауы керек. Оқу уақыты 2-4 жыл.
- Тіл курстары. Тіл курстарына 16 жастан 50 жасқа дейін түсуге болады, оқу уақыты 2 аптадан 3 жылға дейін жалғасады.
Қытайда оқу құны
Қытайда қазақстандықтарға арналған тегін оқуды немесе гранттік орынды кез-келген Қазақстанның тұрғыны ала алады. Егер грант берілмесе, оқу құны келесідей:
- Бакалаврда оқу + тұру құны 4000-5000$ жылына
- Магистратурада оқу + тұу құны 5000-6000$ жылына
- 9 сыныптан кейінгі оқу + тұру + тамақтану 13000$ жылына
Қазақстаннан келген студенттерге келесі стипендиялар берілуі мүмкін:
- Мемлекет бөлетін грант
- Конфуций гранті
- Университет, қала немесе провинция бөлетін грант
Қазақстандықтар үшін Қытайда тегін оқу артықшылықтары
Қытайдағы қазақстандықтар үшін арналған тегін оқудың өзіндік бір артықшылықтары бар:
- Білім беру деңгейі Қытайда алға қойылған аспекттердің бірі. Білім жүйесіне енгізілген қатал шарттардын арқасында, кез-келген таңдалған мамандық жоғарғы деңгейде үйретілетіндігіне сенім артуға болады.
- Беделді жерге жұмысқа тұрумен қатар шетелде жеке бизнес ашу мүмкіндігі. Қытай тілін меңгергеннен кейін, көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылады: бизнес жүргізу барысында бәсекелестерді іздеудегі басымдық, тиімді қарым-қатынастар құрудағы мүмкіндіктер.
- Студенттің қауіпсіздігі. Қытайда қауіпсіздік мәселесі алдына қойылған. Мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйемен жабдықталған, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін сақтайды.
- Мамандықтардың алуандығы. Қытай университеттерінде гуманитарлық, техникалық, медициналық және экономикалық мамандықтар бар
- Оқу құнынын төмендігі. Қытайдығы қазақстандықтарға арналған тегін білім алу көп қаражат жұмасамай, сапалы білім алу мүмкіндігін береді.